Мехикода 200 мыңға жуық адам алып бөлкеден дәм татты. Бұл тағам Мексика астанасының орталық алаңына қойылды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Салмағы 9,37 тоннадан асатын және ұзындығы 1,44 шақырымға созылатын бұл тағам католиктер мерекесі — Волхов күні қарсаңында Сокало орталық алаңы мен оның маңындағы екі көшенің бойына орналастырылды. Шамамен 200 мыңға жуық адам оның дәмін татып көрді.
Жыл сайын Волхвов күні мерекесі қарсаңында алаңда осындай өнімнің дайындалуы дәстүрге айналған. Бұл жолы оны дайындауға жергілікті 50 наубайхана қатысты. Нанды илеуге 4,9 тонна ұн, 2 тонна қант, осындай көлемде маргарин, 43,2 мың жұмыртқа, 900 келі ашытқы пайдаланылды. Сондай-ақ 500 келі мармелад, 800 келі сары май, 50 келі тұз және оны безендіруге қажетті өзге де қоспалар жұмсалды.
Айта кетейік, 6 қаңтар күні католиктер үстелге бөлке нан қоятын мерекені атап өтеді.
Алдыңғы
Келесі