Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Еңсегей бойлы Ер Есім

Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім, сені есірткен, Есіл де менің кеңесім.

Ел білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін.

Ертеңгі күн болғанда, Елің кеңес құрғанда, Айналып ақыл табарға,

Есіктегі ебесін, Сонда, ханым, не десін?!

Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайда дегенде, Не деп жауап бересің?..

Менімен, ханым, ойнаспа! Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай. Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай. Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайыңдай. Көруші едім, Есім хан, Ханымды – күнім, сізді — айымдай. Сырым саған түзу-ді,

Садаққа салған бұлындай.

Жұмыскерің мен едім, Сатып алған құлыңдай.

Жүруші едім араңда,

Өзіңнің інің мен ұлыңдай… Тілеуберді құлың мен емес, Мұның, ханым, жөн емес. Менің ер екенімді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің, Дегенімді қылғансың, Қайратымды білгенсің, Аптықпа, ханым, күңнен соң, Сіздің естен кеткенмен, Біздің естен кеткен жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

redaktor_qazyr

Изжогадан қалай құтылуға болады?

redaktor_qazyr

Вернер Фон Браун

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz