Пайдалы кеңестер

Ерте жастағы балалар жазатайым жағдайға бармау үшін не істеу керек?

Фото: freepik.com

Дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химия құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерлерде, ал пестицидтер мен мұнай өнімдерін бөлек үй-жайда сақтау қажет;
◊ Химикаттарды тамақ өнімдеріне арналған сыйымдылықтарда сақтауға болмайды;
◊ От көздері мен жылыту құралдары мұқият қоршалуға тиіс:
◊ Тамақ пен суды жылытуға арналған электр құралдарының баулары қысқа болуға тиіс. Ұзын бауларды жоғарыға – балалардың қолы жетпейтін жерге іліп қойған дұрыс. Үстелде жапқыш болмауға тиіс. Ыстық тамақты, шайнекті үстелдің шетіне емес, ортасына қойған дұрыс;
◊ Пайдаланылмайтын электр ажыратқыштар бітеуішпен жабылуға тиіс;
◊ Баланы машинада балаларға арналған арнайы отырғышпен алып жүрген жөн;
◊ Суда және судың жанында бала ересектердің қарауынсыз бір минутқа да қалмауға тиіс. Егер үйде бассейн болса, оны мұқият қоршау қажет;
◊ Сіріңкені, пышақты, қайшыны, инелер мен түйреуіштерді балалардың қолдары жетпейтін жерлерде сақтау қажет;
◊ Бала ойнайтын алаң жүргінші жолынан қалқалануға тиіс;
◊ Үйдің қасынан машинамен кетер кезде жанында баланың жоқ екеніне көз жеткізу қажет;
◊ Баланы жуынатын бөлмеде қараусыз қалдыруға болмайды;
◊ Шайнауды үйренбеген кішкентай балаға тыныс жолдарына түсіп кетуі және тұншығып қалуы мүмкін болғандықтан жаңғақ бермеу керек.

Ұқсас жаңалықтар

ЕТЕККІР ДЕГЕН НЕ?

redaktor_qazyr

Баланың бас өлшемі қалыпты жағдайда қандай болу керек?

Redaktor Site

Қанттың адам денсаулығына зияны

redaktor_qazyr

Пікір жазу