Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Фариза Оңғарсынова-Баланың ойы

Әкем біреу, анам да біреу менің.
Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.
Олар барда – мереке.
Көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның!» – деп сөгеді.
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.

Дос тапса да адамдар, тапса да аға,
Әке – жалғыз, табылмас ақшаға да.
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп
Жақсы әкесін бере ме басқа бала?

Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады.

Ұқсас жаңалықтар

Кепкен жемістің пайдасы

Redaktor Site

Ғұмар Қараш-Неден қорқам

Redaktor Site

Ақұштап Бақтыгереева — Жақсылықтан үмітті едім

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz