Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Фариза Оңғарсынова- сағынбайсың ба?

Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба,
оған да от болып беріліп жалындайсың ба?
Оны да мендей елжіреп, аймалайсың ба,
оны да іздеп, төзе алмай, қайдалайсың ба?
Оған да сәби қылықпен еркелейсің бе,
кетейін десе, қиылып «ерте» дейсің бе?

Жанарың ойнап, оған да «Күнім» дейсің бе,
мені құшқандай, денеңмен дірілдейсің бе?
Оңаша сәтті онымен армандайсың ба,
ол жоқта жетім ботадай қалғандайсың ба?
Оған да: «Сені өмірден іздеп ем…,— дейсің бе,
«Жүрегім — қырау сен жоқта, мұз — денем»,—
дейсің бе?
Ол барда өзге көздерді жақтырмайсың ба?
оны да бір күн күз-жардан лақтырмайсың ба?

Ұқсас жаңалықтар

Жүрексіз өмір

redaktor_qazyr

Жұмекен Нәжімеденов

Redaktor Site

Қайран біздің шешелер, арды ойлаған

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz