Мәдениет

Ғафу Қайырбеков

Ғафу Қайырбеков (1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған.

Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды.

1968-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті.
1973-1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды.
1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.
“Дала қоңырауы” (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын, “Ана туралы жыр” (1987) өленің оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Дереккөз: Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Спандияр Көбеев

Redaktor Site

Тауықтар жайлы қызықты дерек

redaktor_qazyr

Сағынғали Сейітов

Redaktor Site

Пікір жазу