Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Газдалған сусындардың зияны

Газды сусындар дені сау адамға ауру тауып берсе, сырқаты бар жандарға дерт жамап, ауруын асқындырады. Солардың бірқатарын айта кеткенді жөн көріп отырмыз

Демікпеге: Газдалған сусындардың құрамында консервант ретінде пайдаланылатын натрий бензонаты кездеседі. Натрилік консервант рационға натриді енгізіп, калиді азайтады. Ғалымдардың пайымдауынша, натрий бензонаты демікпеге, экземге ұрындырып қана қоймай аллергияны қоздырып, өзге де кері реакция тудырады.

Бүйрекке зияндылығы: Колада фосфорлық қышқыл мөлшерден көп болғандықтан бүйрекке тас байланады және өзге де бүйрек ауруларына бастайды.

Қандағы қантты арттырады: Газдалған сусынды ішкеннен кейін жарты сағатқа жетпей қан құрамындағы қанттың мөлшері күрт артады. Бұл өз кезегінде қан құрамындағы инсулинді айдап шығарады. Бауыр шекерді майға айналдырады. Ал, 40 минуттан соң адам ағзасына кофеин сіңеді. Адамның көз қарашығы үлкейіп, артериялық қысымы артады – соның салдарынан бауыр қан құрамына көп мөлшерде қантты бөліп шығарады. Мидағы аденозиндік рецептордың жолы жабылады да сізді ұйқы қысады.

Семіздікке: Газдалған сусын ішкен адам салмақ қоспай тұрмайды. Зерттеушілер анықтағандай, әрбір ішілген бір шөлмек кола адамның семіру қатерін 1,6 есеге артырады. Бұл арада мынаны да қаперге ұстаған жөн
жүрек-қан тамыр ауруларының 70 пайызы семіздіктен болады. Омырау обыры мен тоқ ішек обырының 42 пайызы артық салмақтан пайда болады өт қабына жасалатын отаның 30 пайызы да семіздікпен байланысты.

Тіс ауруына: Газдалған сусынның құрамындағы қант пен қышқыл тіс эмалын қатты зақымдайды.

Жүрек ауруы: Газдалған сусын түрлерінің көбісінде жеміс шәрбаты бар. Ол инсулиннің резистент синдромының пайда болуына алып келеді. Ал ол өз кезегінде сусамыр және жүрек ауруларына ұрындыруы мүмкін
Сусамыр: Газдалған сусынды жиі ішетін адамның 2-ші типтегі сусамырмен сырқаттану қатері 80 пайызға артық екенін айта кеткіміз келеді.

Ұрықтандыру жүйесіне зияны: Құрамында А бисфеноп кездесетін газдалған сусын. Аталмыш канцергон эндокриндік жүйені зақымдайды. Ол өз кезегінде адамның жынысын ерте жетілдіріп, ауытқушылыққа алып келеді. Ал жыныстық ауытқушылыққа ұшыраған адамның перзенті сүю қабілеті кемиді немесе белсіз қалдырып, бедеулікке ұрындырады.

Остеопорозға: Газдалған сусынның құрамында фосфорлы қышқыл кездесетіндіктен остеопороз дертінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Фосфор адам ағзасынан зәрмен шыққан кезде онымен бірге калций де жоғалып, адам ағзасына пайдалы осынау минералдардан айырады.

Ұқсас жаңалықтар

Кір киімдерді жууға арналған кеңес

redaktor_qazyr

Көлікті қалай жүргізіп үйренуге болады?

redaktor_qazyr

Құрғақ теріге арналған қарбыз маскасы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz