Qazyr.kz порталы
Руханият

Гүлдер

ГУЛДЕР

Ол жақтағы гүлдер мүлде өзгеше,
Солған емес, келгенімен күз неше.
Ақ қауызы ашылады ән салып,
Сайтан келіп үзбесе,

Ол жақтағы гүлдер мүлде басқаша,
Қаулап өсер, тамырымен тас қашап.
Мына әлемді мойындатар күні ертең,
«Сұлумыз!» — деп таспаса,

Ол жақтағы гүлдер мүлде бөлек тым,
Солай, солай, сұрамаңыз деректі!..
Олар жайлы өлең жазу үшін де
Әулиелік керек тіл.

Түсін мейлің, түсінбе,
Ойға шомсам жетімектеу пішінде,
Сол бір гүлдер бір-бірімен сырласып,
Жыр тоқиды… түсімде….
Көздеріңмен көре алмайсың оны, сен,
Кешір мені, олар менің ішімде….

Авторы: Ақберен Елгезек ✍️

Ұқсас жаңалықтар

Мұқағали Мақатаев күнделігінен

Redaktor Site

Халық туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Жамбыл Жабаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz