Qazyr.kz
БілімМәдениет

Ханбибі Есенқарақызы — Ұяң қыздар

Қайда мұнша, қайда асығып бара жатсың, жан құрбым,
Көктем кеші көңіліңдегі шақыра ма, ғашық ән?
– Мені мына он сегізде ғашық еткен тағдырдың,
Азабынан арылуға асығам.
– Қойшы, құрбым, ең әдемі гүл қыздардай емес пе ек,
Көк әлемін ғашық еткен жұлдыздардай емес пе ек?
– Анашымның көңілінен көрдім, жаным, қиналыс,
Алдап едім, болады деп мана бізде жиналыс…
Ғашық болған құрбыжанға көңілсіздік келмесін,
Бақыты үшін алдап жүрген, апасы мен жеңгесін.
Қыз көңілінде нәзік қиял өжеттікпен таласқан,
Қызға және бірді сүю, бір ұяңдық жарасқан.
– Алдау жөн бе, бар сырыңды төкші онан да анаңа,
«Ана – сыншы,– деген сөз бар,– халқымызда,– балаға».
– Жаным, құрбым, айтар едім, шертер едім бәрін де,
Ұяламын, ұяламын, бұл құпиям мәлім бе?
Қалайынша «бойжеттім» деп, «сүйемін» деп айтамын,
Екіншідей «жиналысқа» жібермесе қайтемін?..

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Күн туралы қызықты деректер

Redaktor Site

Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

redaktor_qazyr

Ыбырай Алтынсарин

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты