Фото: freepik.com
Бұл грузиндердің дəстүрлі тағамы. Бұл сорпаны дайындаудың бірнеше тəсілі бар, ішіндегі ең кең таралғаны келесісі: қой немесе сиыр төсін 25….30 г кесектерге кеседі. Түйінді пиязды майдалап турайды, томатты езбені қоса отырып шала қуырады. Қайнап тұрған сорпаға ет кесектерін қосып, жартылай дайын болғанша қайнатады, дайындалған күріш жармасын, шала қуырылған пияз бен томатты езбені қосып, 20.25 минуттай қайнатады. Пісуге 5 минут қалған кезде ткемали тұздығын, езілген сарымсақты, хмели-сунели, бұрышты, тұзды қосады.
Ұсыну кезінде ақжелкен көгі мен күнзені себеді. Көп мөлшерде дайындалатын сорпаны дайындау кезінде етті сорпада пісіреді, ұсынар кезде тəрелкеге салады.