Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарды алаяқтыққа алданып қалмауға шақырды

Сурет: inform.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі шетелде тұратын қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасады. Министрлік хабарлауынша, соңғы уақытта шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген азаматтар арасында Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде алаяқтар өз әрекеттерін іске асыруда.

Алаяқтар өздерін қазақстандық ретінде таныстырып, валюта айырбастау қызметін ұсыну арқылы адамдары алдап, тиімді шарттармен ақша айырбастауға көндірген. Бұл жағдайлар Корея, Қытай және АҚШ сияқты елдерде жиі кездесуде. Қаскөйлер азаматтарға арзан валюта ұсынған соң, олардан ақша алғаннан кейін байланысқа шықпай, хабарламаларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.

ІІМ шетелде жүрген қазақстандықтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырады. Азаматтар шетелде кез келген қаржылық операцияларды тек ресми және сенімді көздерден жүргізіп, алаяқтардың қақпанына түспеуі қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай облысында шегіртке шапқыншылығынан 500 гектардан аспайтын арпа егістігіне залал келді

redaktor_qazyr

Нигерияға астық экспорттайтын боламыз

admin_qazyr

Сауд Арабиядағы қасиетті Мекке мен Мединa қалаларын су басты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz