Мәдениет

Ілияс Есенберлин

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысында дүниеге келді.
І.Есенберлин жұртшылыққа алғашқыда ақын ретінде танылды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары жарық көрді. Одан кейін «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы, «Большевик туралы поэма», «Біржан сал трагедиясы» дастандары оқырман қолына тиді. Алпысыншы жылдары ғана проза жанрына қалам тарта бас­тады: «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жария­ланды. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1966), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), «Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978) романдары, «Алтын орда» трилогиясы (1982, 1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары. Ол расында да кереметтей еңбекқор болатын. Алматыдағы тау-кен және металлургия институтын тәмамдағаннан кейін Жезқазған кенішінде инженер, содан соң майдангер, партия қызметкері, филармония директоры, шахта бастығы, «Қазақфильмнің» аға редакторы, «Жазушы баспасының директоры болды.

Дереккөз: “Ана тілі” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Мағауин

Redaktor Site

Ас-ауқат туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Тахауи Ахтанов

Redaktor Site

Пікір жазу