23.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 455.00 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.77 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.56 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.12 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 010 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $88.32 🌤️ Астана: +6°C  |  Алматы: +11°C 🇺🇸 USD/KZT: 455.00 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.77 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.56 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.12 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 010 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $88.32 🌤️ Астана: +6°C  |  Алматы: +11°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Редакция авторы

✍️ Qazyr Редакциясы

Жарияланған мақалалар саны: 4033

← Басты бетке оралу
Аймақ

Алматының жас сарапшылары жаңа буынның құндылықтарын талқылады

Алматыда қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесіп, жастардың құндылық бағдары мен сараптамалық мәдениетті дамыту мәселесін талқылады. Ашық диалогта жауапкершілік, үнемшілдік, заңға құрмет және дерекке негізделген шешім қабылдау қағидаттары сөз болды, – деп жазады Qazyr.kz. Narxoz Business School алаңында өткен кездесуге жоба түлектері, ғалымдар, жоғары оқу…

23.07.2026 👁 279
Аймақ

Ерлан Қарин: Президенттің жеті жылдық бір мерзімі өзгермейтін конституциялық құндылық

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық Соттың бүгінгі түсіндірмесі таза нормативтік-құқықтық сипатқа ие екенін айтты, деп жазады Qazyr.kz. Оның айтуынша, бұл жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған рәсімдік мәселелерге берілген құқықтық жауап. Әңгіме жаңа мемлекеттік-саяси модельге көшу кезеңінде лауазымдарға қатысты нормаларды қалай қолдану керегі туралы болып отыр. Ерлан…

08.07.2026 👁 473
Аймақ

STEAM Tulpar: Оңтүстік Қазақстанға ғылыми саяхат

STEAM Tulpar жобасы Қазақстан өңірлерінде ғылыми-білім беру бағытын дамытуды жалғастыруда. Жазғы тур аясында команда елдің оңтүстік өңірлерін аралап, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын, сондай-ақ Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларына жолықты. Сапардың негізгі мақсаты – STEAM білім беру идеяларын ілгерілету және ғылымның әрбір бала үшін қолжетімді, қызықты әрі тартымды бола…

06.07.2026 👁 412
Аймақ

Алматы көшелеріндегі су басу жойылды: Коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді

Алматыда коммуналдық қызметтер нөсер жаңбырдың салдарын жедел жойды, деп жазады Qazyr.kz. 4 шілде күні қалада қатты жаңбыр жауды. Тәулік ішінде 10 мм жауын-шашын түсті. Ең қарқынды жаңбыр сағат 15:00 мен 16:00 аралығында болды. Осы бір сағатта 7 мм жауын-шашын тіркелді. Найзағайлы жаңбыр сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін жалғасты. Бұл туралы Алматы…

05.07.2026 👁 645
Аймақ

Алматының жаңа Бас жоспары: қала тағдыры экология таразысына түсті

Алматыда 30 маусымда қаланың жаңа Бас жоспарына қатысты стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өтеді, деп жазады Qazyr.kz. Қала әкімдігі мәліметінше, тыңдауда тек экологиялық мәселелер қаралады. Яғни басты назар жаңа Бас жоспардың қоршаған ортаға, ауа сапасына, табиғи аумақтарға және тұрғындардың өмір сапасына ықпалына аударылады. Алматының Бас жоспары алғаш рет кешенді…

26.06.2026 👁 627
Аймақ

Салық заңнамасы қаншалықты сақталуда?

Атырау облысы Исатай ауданы прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді. AtyrauPress тілшісі хабарлағандай, талдау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан мүлік салығын төмендетіп көрсету және уақытылы төлемеу негізінде Салық кодексі талаптарының жүйелі түрде бұзылу фактілері анықталды. Атап айтқанда, 36 кәсіпкер коммерциялық объектілерді уақытылы бағалау және бюджетке тиісті төлемдерді аудару бойынша міндеттерін орындамаған….

06.06.2026 👁 659
Қоғам

Отандық драматургия алға шықты: Қазақстан театрлары 197 жаңа спектакль ұсынды

Бүгінде елімізде 70-тен астам театр жұмыс істейді. Оның 59-ы мемлекеттік театр саналады. Бұл қатарда 11 республикалық және 48 өңірлік театр бар. Мұндай көрсеткіш сахна өнерінің ел мәдениетіндегі орны сақталып қана қоймай, жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді, деп жазады Qazyr.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін айқындайтын…

05.06.2026 👁 701
Аймақ

Қалдық емес, ресурс: Алматы экохабында қайта өңдеудің нақты жолы көрсетілді

Алматыдағы алғашқы қалалық экохабта Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай «Эколог сағаты» акциясы өтті, деп жазады Qazyr.kz. Іс-шара экологиялық мәдениетті дамытуға және жауапты тұтыну қағидаларын насихаттауға бағытталды. Акция Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы мен Eco Almaty компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға қала тұрғындары, студенттер, түрлі ұйым өкілдері және экобелсенділер қатысты….

05.06.2026 👁 604
Аймақ

Балалар күніне тарту: Алматы ЖІГЕР орталығы білім мен шығармашылық мекеніне айналды

Алатау ауданы Саялы шағынауданында «ЖІГЕР» инновациялық шығармашылық және оқушыларды дамыту орталығы жұмысын бастады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған салтанатты ашылу рәсіміне Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Қосымша білім беруге арналған жаңа нысан қаладағы балалардың білім алуына, шығармашылықпен айналысуына, спортпен шұғылдануына және жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін ең ірі заманауи орталықтардың…

01.06.2026 👁 520
Қоғам

44 мектеп салынды, тағы 12-сі ашылады: Астанада оқушы орны көбейеді

Астанада мектеп салу және балаларға жайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр, деп жазады Qazyr.kz. Қалада бірқатар мектеп пен оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы ішінде тағы 12 оқу орнын ашу жоспарланған. Соңғы жылдары елордада 44 мектеп салынды. Осы шаралар қолданыстағы білім ошақтарына түсетін…

25.05.2026 👁 396
Аймақ

100 млн доллар инвестиция: Ақтөбе жасыл мыс өнеркәсібінің өңірлік хабына айналмақ

Ақтөбеде құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды, деп жазады Qazyr.kz. «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағында өткен салтанатты рәсімде жаңа өндірістік жобаның іргетасы қаланды. Жоба Ақтөбе облысы әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен, қытайлық Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group инвестициясы және «Phoenix Industrial…

25.05.2026 👁 258
Ақпарат

35 294 түлек: Түркістан облысында оқу жылы қорытындыланды

Түркістан облысында соңғы қоңырау салтанаты «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ұйымдастырылды, деп жазады Qazyr.kz. Бүгін еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау үні естіліп, түлектер мектеппен қоштасып жатыр. Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында осы күнге орай бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы тәрбие сағаттары өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары…

25.05.2026 👁 658
Аймақ

Алматы оқушыларының жеңісі: Республикалық олимпиадада үздік команда атанды

Алматы оқушылары 7-8-сыныптар арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті, деп жазады Qazyr.kz. Зияткерлік дода 2026 жылғы 19-22 мамыр аралығында Астана қаласында өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірінен 547 оқушы қатысты. Алматы қаласының намысын қорғаған 25 оқушы білім сайысында үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды….

25.05.2026 👁 302
Саясат

Алименті барлар шетелге оңай кете алмайды: ПМЖ рәсімінде жаңа талап күшейеді

Жаңа ережелер 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді. Ішкі істер министрлігі құжат рәсімдеу тәртібін қайта қарап, процесті цифрлық тексеріс жүйесімен тығыз байланыстырды. Енді қарыз, алимент, әскери есеп, баланың екінші ата-анасының келісімі сияқты мәселелер өтініш берген сәтте-ақ анықталуы мүмкін, деп жазады Qazyr.kz. Егер азамат құжатты портал арқылы тапсырса, өтініш толық…

25.05.2026 👁 330
Аймақ

Түркістанда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, сала мамандары марапатталды, деп жазады Qazyr.kz. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мәдениет және өнер саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол мәдениет ел руханиятының өзегі екенін айтып, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ертай Алтаевтың айтуынша,…

23.05.2026 👁 617
Әлем

АҚШ әскери видеолары: НЛО құбылысына қатысты 50 жаңа материал ашыққа шықты

АҚШ әскери ведомствосы белгісіз ұшатын нысандарға қатысты видеожазбалар мен құжаттардың жаңа топтамасын жариялады, деп жазады Qazyr.kz. Жарияланған материалдардың ішінде 50 видео мен құжат бар. Олардың қатарында азаматтық тұлғалар мен әскери қызметкерлердің куәлік сипатындағы мәліметтері де қамтылған. Алайда видеолардың ешқайсысына нақты түсіндірме берілмеген. Сондықтан онда көрінген нысандардың табиғаты әзірге ашық сұрақ…

23.05.2026 👁 522
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA