23.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 455.00 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.77 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.56 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.12 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 010 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.95 🌤️ Астана: +6°C  |  Алматы: +9°C 🇺🇸 USD/KZT: 455.00 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.77 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.56 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.12 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 010 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.95 🌤️ Астана: +6°C  |  Алматы: +9°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Ақпарат

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді. Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді. Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл…

23.09.2025 👁 625
Ақпарат

Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды

Қостанай облысында дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды. Биылғы дода Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналды. Жорықтың мақсаты — еліміздің рухани мұрасын сақтау, қазақстандық патриотизмді нығайту және ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Марафон бағыты Торғай ауылынан басталып, Арқалық қаласында мәреге жетеді. Сайысқа қатысушылар күніне 100…

22.09.2025 👁 293
Ақпарат

Өскеменде Дүниежүзілік тазалық күні өтті

Өскемен қаласында ауқымды экологиялық акция – World Cleanup Day («Дүниежүзілік тазалық күні») ұйымдастырылды. Қатысушылар мектептердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бекітілген аумақтарын тазалады. Эковолонтерлер мен мемлекеттік құрылымдардың негізгі аймағы Шмелев Лог аумағы болды. Еске сала кетейік, экологиялық бастама Глубокое ауданын да қамтып, КММ «Мало-Уба орман шаруашылығының» аумағында 113 мың сібір шыршасының көшеті…

20.09.2025 👁 609
Ақпарат

Ерболат Досаев қызметке тағайындалды

 Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazyr.kz. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Досаев биыл 24 мамырда Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Ерболат Досаев 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы…

19.09.2025 👁 212
Ақпарат

Қазақстанда борышкерлерді анықтауға арналған «Цифрлық бақылау» жүйесі іске қосылды

Қазақстанда Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Бас прокуратура бірлесіп «Цифрлық бақылау» жүйесін енгізді. Бұл жаңашылдық борышын өтемей жүрген азаматтарды қоғамдық орындарда, әуежайларда, вокзалдарда, метро мен әлеуметтік нысандарда анықтауға мүмкіндік береді деп хабарлайды Qazyr.kz Жүйе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде, сондай-ақ әуе және теміржол билеттерін сатып алу барысында азаматтарды…

19.09.2025 👁 267
Ақпарат

Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған. Президенттің тапсырмасына сәйкес штабқа инвесторлардың мәселесін жедел шешу және әкімшілік кедергілерді жою бойынша өкілеттіктер берілген болатын. 2025 жылдың басынан бері онда 18 отырыс өткізіліп, жалпы сомасы $70 млрд болатын 65 инвестициялық жоба қаралды….

19.09.2025 👁 328
Ақпарат

Жамбыл облысында жол бойындағы заманауи қонақүй ашылды

Жамбыл облысында халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойында, Меркі ауданы Ақтоған ауылының маңында алғашқы заманауи Keruen Inn қонақүйі пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов және жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл нысан Президент тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялар тарту…

17.09.2025 👁 222
Ақпарат

ALGA! жобасы: Қарағанды мектептерінде алғашқы футбол сабақтары өтті

Қарағанды облысында облыс әкімі, аймақтық футбол қауымдастығы (QOFA) және Freedom Holding Corp. бастамасымен іске асырылған ALGA! жобасы аясында алғашқы футбол сабақтары өтті. Бағдарламаға таңдап алынған он мектептің қатарында Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей де бар. Мұнда бастауыш сынып оқушылары футбол клубы «Шахтёрдың» қақпашысы Игорь Шацкиймен бірге алғашқы добын тепті. Футболшы балалардың…

13.09.2025 👁 606
Ақпарат

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы басталды

Бүгін, 5 қыркүйек күні Маңғыстау облысының Құрық портында Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар суға түсірілді. Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы облыс әкімдігінің бастамасымен, «Organic Fish» ЖШС қолдауымен жүзеге асып отыр. Бұл шара Қазақстан теңіз аквашаруашылығын дамытудың іс жүзінде жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді. Шараға Маңғыстау облысының…

05.09.2025 👁 523
Ақпарат

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды,- деп хабарлайды Qazyr.kz Айта кетейік, 2024 жылдың сәуірінен бастап ол Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Данияр Батанұлы Қырықбаев 1986 жылдың 29 сәуірінде Алматы облысының Жамбыл…

02.09.2025 👁 601
Ақпарат

Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянді қабылдады

Кездесу барысында озық технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Huawei компаниясы арасында Инновациялық телекоммуникация технологияларын енгізу және сервер инфрақұрылымын жаңғырту туралы стратегиялық келісімге қол қойылуын құптады. Аталған уағдаластық аясында цифрлық трансформация мен орнықты дамуға қатысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру…

02.09.2025 👁 302
Ақпарат

Тоқаевтың Қытайға сапары: Қытай БАҚ-ы кездесудің стратегиялық маңызын атап өтті

30 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласына барып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Бұл кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен «ШОС плюс» отырысының алдында өтті. Қытайдың жетекші ақпарат құралдары мемлекет басшыларының келіссөздеріне кең көлемде назар аударып, әрқайсысы өз қырынан талдады. Xinhua: Тарихи және символдық мән Қытайдың ресми Xinhua…

31.08.2025 👁 218
Ақпарат

Маңғыстауда онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын алғашқы заманауи орталық ашылды

28 тамыз күні Ақтау қаласында Батыс Қазақстан аймағында алғаш рет позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. Жаңа медициналық мекеме өңір халқы үшін онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға және жоғары технологиялы көмек алуға жол ашпақ. Бұған дейін Маңғыстау облысы мен көршілес өңір тұрғындары ПЭТ/КТ-зерттеуден өту үшін Алматы немесе Астана қалаларына баруға мәжбүр…

29.08.2025 👁 601
Ақпарат

Қазан қаласында «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

26 тамыз күні Қазан қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдік бағдарламасы аясында Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Қойылым Мұса Жәлел атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында қойылды. Гастроль Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және…

26.08.2025 👁 485
Ақпарат

Семейде өңірлік азаматтық форум өтті

Бүгін Семей қаласында «Мемлекет – бизнес – үкіметтік емес ұйым – тиімді өзара әрекеттесу және серіктестік» тақырыбында өңірлік азаматтық форум өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров, «Қазақстан Республикасының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің…

26.08.2025 👁 461
Ақпарат

Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматы қаласында қиын жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсету мақсатында жаңа дағдарыс орталығы іске қосылды. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты деп хабарлайды Qazyr.kz Орталық М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің №4 жатақханасында орналасқан және 55 орынға есептелген. Мұнда жастарға психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсетіліп,…

21.08.2025 👁 253
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA