Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Италия мафиясы: Коза-Ностра

Cosa Nostra — италиялық мафия және сицилиялық қылмыстық топ. Сөзбе-сөз аударғанда «біздің iсiміз» дегенді білдіреді. Бұл ұйымда ең танымал қылмыскерлер мен италиялық мафия өкiлдерi бар. Олар ұйымдық құрылымға және кодекске бағынады. АҚШ-қа Сицилиядан көшкен барлық мигранттар Коза-Ностра болып қала береді. Бұл Сицилиядан келген қылмыскерлерді халықаралық қарақшылардан ажыратуды жеңілдетеді.

XIX ғасырдан бастап бұл ұйымның дамуы Сицилиядан басталған. Жылдар өтiп қылмыстық топтар барған сайын көбейе түсті. Осылайша қылмыстық қоғам 100 жыл iшiнде халықаралық масштабта қалыптасты.

Мұндай ұйымдардың қалыптасуының мәні — олар байлар менен саудагерлердің мүдделерін және апельсин плантаторларының жерiн қорғаумен айналысты. Cosa Nostra ұйымы зәбiр көрсетуге келгенде ерекше қатыгездік танытады. Көбінесе қолға түскендерді оңдырмайтын.

Сонау XIX ғасырда рэкет ағымы осылай дамыған. Жылдар өткен сайын жағдай қиындай түсуі Коза-Ностраның беделі барған сайын артып нәтижесінде қылмыстық топтың ықпалының арқасында жаңа аймақтарға ие болды. Өз мүддесін қорғаудың аясы кеңге жайылды.

Қатыгездік пен бандитизмді таратқан бұл топ өткен ғасырларда жұрттың үрейін ұшырды. Барлық ұйым топтарға (отбасыларға) бөліне бастады. Бағыныштылық жүйе жеке қылмыстық топтар үшін арнайы әзірленді. Барлық (отбасыларға) нұсқауларды Коза-Ностраның басшысы — (Дон) Өкiл әке береді.

Отбасының ықпал ету аймағы әртүрлі болуы мүмкін. Қаланың бiрнеше көшелерінен бастап шағын ауылдарға дейін тараған. 1 ауданның өзі орташа есеппен алғанда 1 көшбасшы үш отбасыдан тұрады. Әрқашанда көшбасшының күтушілерi қамқоршылары мен сенiмдi адамдары жанынан табылады.

Коза-Ностра — қауымдастығы бай-дәулеттi бiрнеше ықпалды отбасыдан тұрады.
Ең негізгі ықпалды топтар: Мотизи дей Корлеонези Ринцивилло және т.б.

Ең iрiлерiне: Инцерилло Гравиано және Денаро (отбасы) кiредi.

Жұмысты қалтқысыз орындау із қалдырмау – мафияның негізгі қағидаларының бірі.

Сондықтан болар тарихшылар Коза-Ностраның қашан құрылғанын нақты айта алмайды. Шындықты жасыру үшін қылмыскерлер қалаға жалған қауесет таратқан сол себепті олар өздерінің берген жалған ақпаратына кейде сенiп жүре береді.

Коза-Ностра Бiрлестiгi ғаламшарымыздағы ең ықпалды топтарды қамтыған. Бұл халықаралық қылмыстың әртүрлі салаларында ықпал ету фактісін растайды.

Мафияға келесі әрекеттері үлкен пайда әкелiп отырды:

— Есірткі заттарды сату;

— Ойынхана бизнесін ұйымдастыру;

— Жезөкшелер үйі және сутенерлiк;

— Бопсалау және рэкет;

— Әртүрлі қаруларды сату;

— Жаппай адам өлтіру және т.б.

Қылмыстық топтар арасындағы теке-тiрестер қарапайым тұрғындардың мазасын алып бейбіт өміріне нұқсан келтірді. Орыстың қылмыстық топтарының бiрi Америка мен Италияда пайда бола бастады.

Мыңжылдықта КСРО -дан келген қарақшылар тобы мен Коза-Ностра мафиясы арасында жаңа одақтастық қатынастар орнады. Нәтижесінде орыстар шетелде де ел iшiнде де жүктерді тасымалдауға құқық алды.

Қарақшылардың саны мафиялық топтарға қарағанда едәуір өсті. Орыстың қылмыстық топтарының өзі шамамен 300 мың адам саны бар. Қазіргі кезде қытайлар мен италиялықтардан басқа ықпалды да кең көлемді қарақшылар тобы жоқ.

Коза-Ностраның қалай жұмыс істейтінін көру үшін «Өкіл әке» фильмін көру керек. Бұл фильм гангстер туралы ең жақсы фильмдердің бірі…..

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)

Ұқсас жаңалықтар

Мағжан Жұмабаев — Жарым

Redaktor Site

Бала тәрбиесіндегі ата-ана ролі

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz