Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Иттің иіс сезгіш болуы неде?

Иттің иіс сезгіштігінің жоғары болуына тек ішкі сенсорлар ғана емес, мұрнының сыртқы бөлігі де әсер етеді. Әдетте дені сау ит мұрнының ұшы ылғалданып тұрады. Осы ылғалдылығының нәтижесінде ауада жүрген иістерді өздігінше топтастырады.

Адамның иіс сезу жасушасы шамамен 4 шаршы сантиметрді құраса, неміс овчаркасыныкі 150 шаршы сантиметрге дейін жетеді. Адамда иіс сезуге арналған 5 миллион жасуша болса, басетте 125 миллион, фокстьерде 150 миллион, неміс овчаркасында 200 миллионы бар. Бұл келтірілген мәліметтерге қарап иттің иіс сезу мүшесінің қуаты адамдыкіне қарағанда 40 есе күшті екендігін айтуға болады. Ал кейбір ғалымдар 40-тан да жоғары деп есептейді. Әрине, 1000 есе артық деп айтуға келмейді, бірақ арада елеулі айырмашылық бар.

Бірнеше жылдың зерттеу нәтижесіне сәйкес иттердің 2 миллионға жуық иісті ажырататындығы анықталған. Мұнымен қатар иттер араласқан иістерді бір-бірінен ажырата біледі екен. Және осы сәтте иістің күштілігінің еш маңызы жоқ.

Мұрын – барлық жылы қанды жануарлардың иіс сезу мүшесі болып табылады. Сыртында иіс сезетін буылтығы бар, ішкі бөлігі үнемі ылғалданып тұрады.

Ит құрылысы детальды түрде зерттелсе де, оның иісті қалай сезетіндігі анықталмаған. Бар қиындық осы күндері иістің не екеніне байланысты нақты анықтама жоқтығында.

Олардың өсімдік иісін сезбейтіндігі белгілі. Иттер әу бастан жыртқыш жануар болғандықтан оларды өсімдіктерге қарағанда ет қызықтырады.

Жақын уақытта криминалистикалық одорология деген ілім пайда болды. Бұл ілім иіс сезу мүшесімен тікелей байланысты. Ғалымдар иттің герметикалық ыдыста бірнеше жыл бойы сақталған ауаның иісін ажырата алатындығын дәлелдеді. Тәжірибе барысында белгілі бір адамның иісі сезілетін ауаны шприцтің көмегімен сорғызып, 3 жылдан кейін 2-3 миллиграмм ауаны итке иіскеткен кезде иесін бірден табатын болған.

Ұқсас жаңалықтар

Кепкен жемістің пайдасы

Redaktor Site

Ет пюресінің дайындалу жолы

Redaktor Site

Еттің ағзаға пайдасы қандай?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz