Qazyr.kz порталы
Руханият

Іздейміз

Іздейміз

Күлеміз бе?
Жылаймыз ба?
Білмейміз!
Сағынышты көңілдегі күз дейміз.
Махаббатты жоқ деп сосын күрсініп,
Жаңа бақыт,жаңа үміт іздейміз…

Жығыламыз,сүрінеміз,тұрамыз,
Алға сүйреп өмір деген бір аңыз.
Сорымызды бақ қой деген жан көріп,
Шүкір етіп, жаңа дастан құрамыз.

Кейде жәймен айналаға қараймыз,
Алшақтауға бейімделдік қалай біз?!
Жақсылыққа құлшынамыз ұмтылып,
Күрс жарылып көкіректе талай мұз.

Қайғымызды күлкіменен көмкеріп
Еркелейміз қара көзді төңкеріп.
Көтереміз тағдырдағы пердені,
Оңашада тұрсың ба деп сен келіп…

Білмейміз!
Жылаймыз ба?
Күлеміз бе?
Сағынышты теңейміз күрең күзге.
Әне-міне деп жүріп аттанамыз,
Жанкештікпен ғұмырды сүреміз де…

19.09.2023
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайұлы

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz