Мәдениет

Қадыр Мырза Әли

Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған.

Қадыр алғаш рет өлең жазуды алтыншы сыныпта оқығанында, 11 жасында бастады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіледі. Онда ол достар туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастайды. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастады.

ҚазҰУ-нің филология факултетін бітірген. 1958-1993 жылдары “Балдырған” журналында әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Жазушы” баспасында поэзия редакиясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, “Балауса” баспасының редакторы қызметтерін атқарды.

Қадыр Мырза Әли «Күндер-ай» жеке жинағын құрайтын 200-ден астам мәтіннің авторы. Қадыр Мырза Әли қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Ол мағыналы және тіл жаттықтыруға арналған жаңылтпаштар мен жұмбақ, мысалдар мен тапсырмалар, мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер жазды.
Дереккөз: “Жайық үні” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайұлы — Білімдіден шыққан сөз

redaktor_qazyr

Он жылдан бері иісі кетпейді ме ?

redaktor_qazyr

Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

redaktor_qazyr

Пікір жазу