Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қадыр Мырза Әли

Өмірімді ойлаймын күнімен де,
Өмірімді ойлаймын түнімен де:
Мен жалғызбын – жоқ жалғыз аға менде,
Мен жалғызбын – жоқ жалғыз іні менде.

Өмір неге тарылды тарылмасқа?!
(Балаң басқа, әрине, жарың басқа).
Мен жалғызбын – жоқ жалғыз апа менде,
Мен жалғызбын – жоқ жалғыз қарындас та!

Кінәлі емес бұған, дос, тегінде ана,
Кінәлі емес не ажал – өлім ғана…
Ағасы жоқ адамда жеңге де жоқ,
Інім де жоқ, жоқ содан келін бала!

Жалғыз ана, сол маған сүйеу ғана,
О да болса қайғыға тиеулі ана!
Апасы жоқ адамда жезде де жоқ,
Қарындас жоқ, содан жоқ күйеу бала!

Өмірдің бір қызығы – туысқан ғой,
Осылайша мазалар тоғысқанда ой…
Соның бәрі, о достар, әке жоқтан,
Әке жоғы – кешегі соғыстан ғой!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Екі асыл

redaktor_qazyr

Моно Лиза туралы дерек

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz