Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қадыр Мырза Әли

Қиналмаймын ағым көп деп шашымда,
Қанатымды қарыған от жасымда.
Тағы, тағы…
Сүрінуге болады,
Сүйеп қалар досың болса қасыңда!

Еселі еңбек сүйреп шыққан мені өрге,
Еңбек етпей,
Ер қызығын көрер ме?!
Тағы, тағы…
Таласуға болады,
Табысуға көзің жетсе егерде.

Мынау балғын,
Мынау жап-жас күйінде
Төсек тартып қалдым-ау деп күйінбе.
Тағы, тағы…
Ауыруға болады,
Әлпештейтін кісің болса үйіңде.

Арманыма,
Қиялыма сай елім.
Қадірлеген мақал — сөздің мәйегін.
Тағы, тағы…
Үйленуге болады,
Бойжеткен боп қайта оралса әйелің!

Төзімдіге құрышың не?
Teмip не?
Төзімдімін деп 6ipaқ та елірме!
Тағы, тағы…
Қателеспе 6ipaқ та,
Кешіретін кісім бар деп өмірде!

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттады

admin_qazyr

Қазақ

redaktor_qazyr

Өмірге керек кеңестер

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz