Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қайдасың

Қайдасың…
Менің жүрегімнің егесі,
Тұнық жырымның төресі!
«Сағынба мені» демеші,
«Сабылма іздеп» демеші,
Күнгейден соққан самал жел,
Хабар əкелмеді, «о, несі?»!

Қайдасың…
Жақын болды ма жат қасы,
Ашылып бəлкім, қақпасы.
Қай жерді мекен етсең де,
Жамандай көрме асылым!
Жақсылығымды айтып мақташы,
Қияқ қанатты сұңқарым,
Сезімдерімнің патшасы!

Қайдасың….
Өлеңдерімнің шың басы,
Бал бұлағымның тұнбасы.
Махаббатымның мен білсем,
Анық қой бұлай тынбасы.
Ашылып кетсін дедің бе?
Жылауық жырдың жылғасы…
Құлатам — десең өзің біл,
Жылатам — десең өзің біл.
Бəсі де бөлек бағалым,
Мың жырға лайық бір басы!
Өтіне берем несіне,
Өз жүрегіңді тыңдашы..!

Ұқсас жаңалықтар

Қызықты деректер

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Бай адамдардың қағидасы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz