Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қайрат Нұртастың анасы қамаудағы ұлы туралы айтты

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері қамаудағы ұлы туралы айтты.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында қамауда жатқан ұлы туралы жазды. Шыда Арманыңа асығасың Тасынасын басыласың Әр адамның жайы осылай Кімнен нені жасырасың Өмір, өмір, өмір деген Кімге бақыт, кімге қайғы Кейде гүлдеп көңіл деген Кейде ойды мұң қамайды Бул өмірдің сынағы көп Шыда бірақ шыда жүрек Ертеңіңнен күдер үзбе Жаным бүгін жылады деп… Бір кездері осы әннің сөздерінің біраз жерін өзгертіп, өзім жазып беріп едім, есіме түсіп отырғаным. Кім ойлаған бір кездері осы әннің мұңым мен сырыма айналарын. Алғаш айтылған әндерінің ең болмағанда бір куплетін өзгертіп жазғандарым өте көп, жүректен жүректерге жеткізетін сөздеріне көп мән беретінмің. Бірақ балам білмейтін, ақындар солай жазған деп ойлайтын. Продюсер ұлының әні тыңдармандардың өмірін аман алып қалғанын да жаза кетті. Әуелетіп салған қоңыр дауысымен көрермендердің жүректерінің түп тамырына жеткізіп айта алды деп ойлаймын. Себебі бір әйел жазған болатын, өмірден түңіліп, асылып өлемін деп арқан дайындап, сырт көзбен бала-шағаммен қоштасып тұрғанымда, осы әнді көршілердің үйінен айқайлатып қойғанын тыңдап, өзімді тоқтаттым, маған Қайраттың әні өмір сыйлады деп. Кім білсін, бәлкім ол кісі оқып та отырған болар… Иә, шүкір еттім ең бастысы басы аман, Алла абыройынан айырмасын!, — деп жазды продюсер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 10 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

redaktor_qazyr

Қара күш иесі Түркістандық Жалғас

redaktor_qazyr

Павлодарда 2 апта бұрын жоғалған жігіттің жағдайы белгілі болды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz