Құлақ салдым үлкендердің сөздеріне,
Зерделедім ой сана безбенінде.
* * *
Әр қызмет азаматқа бір өткел,
Жақсы жігіт туған жерін түлеткен
* * *
Тірліктің жеңіл жолын таңдамадым,
Есебінде емеспін санда бардың.
* * *
Жоқ демеймін менде мін,
Қам сүт емген пендемін.
* * *
Кекірейгеннің барлығы көсем емес,
Сөйлегеннің барлығы шешен емес.
Ниетi терiс елді бұзады,
Ниетi түзу елді қосады.
Бiреулердің істегені дөрекiлiк,
Қалайша макұлдайсың көре тұрып
Орынсыз ашу- естi адамды жерге кipriзедi.
***
Қызықпадым ешқандай дүниеге,
Қызметiмді жасадым дүйім елге.
Қырсық адамнан, қисық сөз жаман.
Кисык сөйлесең, түзу жауап күтпе
Жақсы жігіт жат елге бөтен емес.
* * *
Жақсы қария елдің бірлігін ойлайды,
Жаман қария өзінің күндігін ойлайды.
* * *
Ынтымақты елге ырыс қонады,
Ынтымақсыз елде ұрыс болады.
* * *
Бұзықтың пайымы жоқ
Сөзінің дайыны жоқ.
* * *
Бұзық та бір, құзғын да бір.