QAZYR.KZ: Мұсылман елдері мен мәдениетін зерттейтін европалық бір шығыстанушы маман, әлдебір елдің мәдениетін құртудың үш жолын атап өткен. Ол өзінің жазбасында былай дейді:
«Егер бір елдің мәдениетін құртқың келсе, оның үш жолы бар:
1) Жанұяны бұзу.
2) Білім беру жүйесін бұзу.
3) Елді бастайтын көшбасшыларының деңгейін түсіру.
Жанұяны бұзу үшін — отбасындағы ананың рөлін жасыруың керек. Оны «үйдің тәрбиешісі» деген сипатынан ұялатын қыл.
Білім беру жүйесін бұзу үшін — мұғалімдердің деңгейін төмендет, оның қоғамдағы құнын түсір, оқушылар мен студенттер оларды қор көрсін!
Елді бастайтындардың деңгейін түсіру үшін — ғалымдарын қолға ал, оларды мінеп-сынап отыр, осылайша елдің алдында абыройларын төмендет. Халық оларға күмәнмен қарасын, осылайша олардың сөздеріне құлақ аспасын, оларды өздеріне жолбасшы ретінде көрмесін.
Нәтиже:
Қашан ананың қырағылығы мен парасаттылығы жойылса;
Мұғалімнің ықыласы кетсе;
Көшбасшылары мен ел аузына қараушылардың абыройы түссе — кім ұрпақты жөнге салмақ, кім оларды тәрбиелемек!?
Мысыр елінің атақты жазушысы, философ әрі дәрігер Мұстафа Махмұд (1921-2009 ж).