Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қарасай батыр

Қарасай Алтынайұлы – Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Қарасай батыр Қарғалы, Ұзынағаш, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларындағы ұрыстарда жау шебін бұзып, суықтөбе басына туын тіккен. 1929 жылы жазда Шапырашты қолы Жайық бойынан шаршап келіп, тыныстаймыз ба деп Асы (Алматы облысы) жайлауында жатқанда, ойраттардың олжалап кете салу мақсатымен қараша айында Іледен өтіп шабуыл жасауы Қарасайды атқа мінгізді. Қарасай аяқ-астынан басталған ұрысқа екі мың қол жиып, осы қазір Қарасай ауылы тұрған ойпатта ойрат тайшысы Банжұрды тас талқан етті. Қоян-қолтық айқаста көбі қырылған қалмақтар Іледен қайта өтуге мұршасы келмей, Сөгетіге қарай қашты. Ақыры, жау тұмсығы Торайғыр тауына тірелгенде, келген мыңдай қолдан басы Банжұр болып тігерге тұяқ қалмады. Ең соңғы екі қалмақты Байынқол жағасында ұстап, екеуін қара есекке теріс мінгізіп, таңып қалмақ ауылына қарай айдап жібереді. Ұрыс болған жер (ауыл) Қарасай атымен аталды. Сопы-Саты көлінің түстігінде де ұрыс болған. Бұрын бабасы Шапырашты ұрыс салып, соның атымен аталатын сайдың бір саласы да күні бүгінге дейін Қарасай есімімен аталады. 1635 жылы ойрат-қалмақ мемлекеті бой көтерді. Қытай және қазақ пен қырғыз жерінің ортасында жатқан Жоңғар хандығы, аумағын кеңейтуді ойлап, таулы, тастақты өлкеден гөрі, жазықты өңірге көз аларта түсті. Кешікпей мұздай қаруланған 50 мың қол қазақ пен қырғыз жеріне басып кірген. Алғашқы шайқастың бірі осы Талас өңірінде өтеді. Бұл соғыста өзбек қолын Алдышүкір басқарып келіп, қазақ, қырғыз жасағымен бірлесіп, тұтқиылдан келген жауға қарсы соққы берген. Бауырлас үш ұлттың үзеңгі қағысқан бірлігі өзбек жерінде, қазақ даласының оңтүстік аймағы – Сайрам маңында болған соғыста да ажырамады. Жетісуды бауырыны басқан жоңғар батырлары Нарынқол мен Байынқол, Қастек пен Қаскелеңнің үздіксіз жеңісіне мастанғаны сондай, Алатау асып, қырғыз жеріне қалың қолын төгеді. Ыстықкөл өлкесінде өткен шайқаста қырғыз жұрты жауға төтеп бере алмай қалады.

Ұқсас жаңалықтар

Ұйқы жақсы болу үшін не істеу керек?

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Бозжыра

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz