QAZYR.KZ: Көп адам кəсіпкер болғым келеді дейді, бірақ үлкен кəсіпкер болу үшін адамда жай қалау болғаны жеткіліксіз. Үлкен жеңістерге жеткен спортсмен болғым келеді деген адам кəсіпқой спортқа қатыспай тұрып алдын-ала күнделікті шынығып дайындалғандай, кəсіпкер болуға де солай дайындалу керек. Жарайды, барлығымыз спортсмендердің қалай дайындалатынын білеміз, ал кəсіпкер болу үшін қандай қабілеттерімді дамытуым керек деген сұрақ туындайды.
Әртүрлі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, кəсіпкер болу үшін 8 қабілетті ең алдымен дамытқан дұрыс деп санаймын:
1. Лидерлік қабілет. Кəсіпте жетістікке жақсы командасыз жету мүмкін емес, сол себепті егер сіз өз қызметкерлеріңізге дұрыс жол көрсетіп, оларды дұрыс басқара білмесеңіз компанияңыз ұзаққа бармайды.
2. Стресске төзімділігі. Бизнесте күтпеген қиындықтар өте көп кездеседі, мүлдем ойламаған жерден мінсіз жоспарларың бытшыт болып жатады. Сондай сəттерде өзіңді ұстап, стресске берілмей, анық ойлана білу өте маңызды.
3. Зерделілік қабілет. Кəсіпте ұсақ-түйектер ескерілмей дұрыс жасалмаса əкелер зардабы өте жоғары. Кəсіпкер сондай нəрселерді байқап отыруы қажет, себебі компанияның болашағына басты жауапты адам өзі.
4. Мақсатқа жете білу. Алдыңа мақсат қойып, соған жеткен кезде ғана адамдардың саған деген көзқарасы өзгереді, саған сене бастайды, сені құрметтейді, сенің артыңнан жүруге дайын болады.
5. Денсаулығыңды сақтай білу. Денің сау болмаса, бұл өмірде ештеңе маңызды емес. Сенің денсаулығыңды күтіп, өзіңе жаның ашу ең алдымен отбасыңа пайдалы жəне еліңе пайдалы.
6. Уақытты дұрыс жоспарлау қабілеті. Үлкен жетістіктерге ұмтылып, алдыңа мақсат қойып соған ұмтылған сайын уақыттың маңыздылығын сезе бастайсың. Бұл өмірде істейтін нəрселер, мүмкіндіктер өте көп, бірақ уақыт жеткіліксіз. Кім уақытты дұрыс пайдаланды, сол адам осы өмірде өз ізін қалдыра алады.
7. Адамдармен тіл таба білу. Бизнес — ол үнемі басқалармен коммуникацияда болуды талап етеді. Арасында шешілмей тұрған мəселелерді жай жылы сөйлесумен ғана шештін кездер болады.
8. Басқаларға жұмысты табыстай білу қабілеті. Бизнес өскен сайын кəсіпкерге мүмкіндігінше барлық жұмыстарды мамандарға тапсыру керек болады.
Алдыңғы