Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Қасқырлар туралы не білеміз?

Qazyr.kz:

Жігіттер қауымының көпшілігі қасқырлар туралы жазбаларды сүйіп оқитындығын білеміз. Қасқырдың өжеттігі мен батылдығы ерлерді қызықтыратыны хақ. Осыны ескеріп, массагеттіктерге осы сүтқоректілер туралы қызықты деген ақпараттарды ұсынамыз.

Ауа-райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.
Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы — 20 000 жыл.
Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілк иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады.
Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік.
Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.
Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады.
Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады.
Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті.
Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг.
1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. Қазіргі таңда олардың саны бар-жоғы 65 000.
Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар.
Қасқырлар осыдан 35 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Mesocyon» атты жануардан пайда болған. Бұл жануарлардың аяқтары қысқа, кеуделері ұзын еді.
Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзе алады.
1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды.
Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады.
Ең кішкентай қасқырлар Таяу Шығыста мекен етеді. Олардың салмағы бар-жоғы 30 кг. Ал ең ауыр және ірі қасқырлар Канада, Аляска және Ресей аумағында көптеп кездеседі. Олардың салмағы 80 кг-нан асады.
Қасқырлар бір-бірін келе жатқан қауіп-қатерден сақтандыру үшін ұлиды. Жалғыз ғұмыр кешетін жануарлар жалғыздықтан да ұлуы мүмкін. Әдетте олар 5 секундтан артық дауысын созбайды.
Қасқырдың көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады. Осы қабат арқылы олар түнде де айналысындағы қозғалыстарды айқын бақылап отыра алады.
Қасқырлар өмір сүретін мекенде міндетті түрде бір топ қарғалар да болады. Олар жыртқыштардан қалған азықты шұқып жеп, күн көреді. Кейде қасқырларды өздеріне қорған ретінде пайдалануы мүмкін.
Ежелгі ацтектер қасқырдың бауырын меланхолияны емдеуге пайдаланған.
Орта ғасырдарда еуропалықтар қасқырдың бауырын толғағы келген әйелдердің ауруын басу үшін пайдаланған.
Ежелгі үндістер қасқырды өлтірген қаруды ары қарай пайдаланбайтын болған. Сонымен қатар, олар өлген қасқырдың бауырлары міндетті түрде кек алуға талпыныс жасайды деп сенген.
Англияда жабайы қасқырлар 1500 жылы атылып болды. Ирландияда 1700 жылы, дат жерінде 1722 жылы жергілікті халық қасқырларды құртып бітірген.
Қасқырларды алғаш қызыл кітапқа енгізген — Германия мемлекеті. Бұл шешім 1934 жылы Фридрих Нидцше мен Освальд Шпенглердің ықпалымен қабылданған. Қызыл кітапқа енген жануарлардың ең алғашы осы қасқырлар болып табылады.
Басқа жануарларға қарағанда, қасқырлар өзара түсінісу үшін мимикаларды көбірек қолданады.
Қазіргі кезде жылына шамамен 7000 қасқырдың терісі сатылады. Олар негізінен Ресей, Монғолия, Қытай елдерінен шығады. Халық бұл терілерді пальто тігу үшін пайдаланады.
Қазіргі кезде қасқырлардың популяциясы шамамен мынадай. Канада мен Аляскада 50 мың қасқыр, АҚШ-та 6500. Еуропа аумағы бойынша, Италияда 300, Испанияда 2000 мың, Норвегия мен Швецияда 80, Польшада 700, бұрынғы КСРО аумағында 70 мыңнан астам жануар тірлік етуде.

Ұқсас жаңалықтар

Анаға арналған тілектер

Redaktor Site

Жас-жұбайға тілек

Redaktor Site

Ішек тазалаудың жолдары

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz