Kaspi Bank депозит нарығында бәсекелестерінен артта қалды,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.
2024 жылғы Ұлттық банк деректеріне сәйкес, Банк ЦентрКредит (БЦК) жеке тұлғалардың депозит портфелін 27,2%-ға арттырып, 2,8 трлн теңгеге жеткізді. Ал Halyk Bank 22,8%-дық өсім көрсетіп, депозит көлемін 7 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Kaspi Bank депозит көлемін тек 22%-ға арттырып, 6,1 трлн теңгеге жеткен.
Депозит нарығындағы өсім, негізінен, банктердің клиенттерге ұсынатын шарттары мен қызмет көрсету сапасына тәуелді. БЦК мен Halyk Bank-тің депозит көлемін ұлғайту қарқыны нарықтағы жоғары бәсекелестік деңгейін көрсетеді. Ал Kaspi Bank бәсекелестерінің артында қалып отыр. Алдағы уақытта Halyk Bank пен БЦК-тің депозит шарттары туралы қосымша мәлімет беріледі.