Ол туралы жұрт жазды, тамсана айтты. Иә ол оған лайық еді. Ол қазақтың жанашыры еді. Ол дегенім Қазақ мафиясының атасы «Сары Алмас» – Несіпбай Нәсенұлы. Бұған ешқандай қазақ қарсы келмейді. Қарсы сөз сөйлейтін қазақтың басы баяғыда қырқылған. Талғат Атабаев, Сары Алмас, Қара Алмас секілді мықты жігіттердің бәрі өлген. Бұл жерде ылғи құлдың тұқымы қалған. Үйіне кіріп алып бауыздап жатсаң, ара түсетін ешкім жоқ!» — дейді.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Молдияр Оразалиевтің ойынша, бұл әркімге бұйыратын қабілет емес. «Атаба» (Талғат Атабаев), «Адай», «Төрт ағайынды» сияқтылардың барлығы «Сары Алмастың» қол астында болған. Бұрынғы Кеңес Одағы деңгейінде мызғымас жүйе құрған.
Ол құрған империя қалай дегенде де ақылдың белгісі. Барлық құрылымдарда – прокуратурада, милицияда, сотта оның өз адамдары болған. Мәселелерін тікелей жоғары деңгейде шешіп отырған. Көз көргендер «Рыжий Алмаз» — өте мәдениетті, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеуде ізеті мол жігіт. Ұлттың бағына біткен азаматы. Өз көзіммен көрген адам ретінде айтарым: ол – қазақтың ғажайып тұлғасы. Мұндай рухы биік, ірі жігіт елде некен-саяқ болады, оны қаралап, тұқырта бергеннен гөрі мақтаныш етіп айта білуіміз керек деп білемін».
Шарафаддин Әмір: «Қылмыс әлемінде абырой мен атаққа кенде болмаған Несіпбайдың кейбір ойлары таңғаларлықтай. Мәселен, оны қазақ тілінің тағдыры толғандырады. «Қазақ тілінің өркендейтініне сенімдімін, — дейді ол өз ойымен бөлісе отырып. – Сондай-ақ Қазақстанды Отаным деп сүйетіндер қазақ тілін үйренулері шарт» дейді». Төреғали Тәшенов: «Не десек те, қылмыс әлемінде дәл Несіпбай Нәсеновтың деңгейіне жеткен қазақ жігіттері болған жоқ. «Сары Алмастың» арқасында көптеген қылмыстық билік қазақтардың қолына көшкенін мойындағанымыз жөн…» «Қылмыс әлемінің серкесі», «қазақ мафиясының атасы» деп әспеттеуі әсіре жалған емес. Ал қазақ мафиясы дегеніміз ешқандай да аңыз әңгіме емес, нағыз шындықтың, ақиқаттың өзі. Ол туралы айтылатын әңгіменің бір парасы мынадай: — Алматы маңында жүз қытайды тірідей жерге көмген; — Қытайдың әйгілі кеме айлағы саналатын Фу Дұң аймағына өз әмірін жүргізіп отырған; — Ресейдің «Бригада» киносында Оның аты аталады: «Қазақстандағы Алмас досым 2 миллион доллар көмек берем деген» дейді «Бригада» көсемі; — сосын біздің елдің нөмірі бірінші адамына «лауазымыңызды бере тұрыңыз, біраз шаруаларымды реттеп алайын, бір жылдан соң, өзіңізге қайтарып беремін!» депті-мыс.