Qazyr.kz
БілімМәдениет

Қазақстан тарих тест

1. Бірінші хан — Керей хан Болатұлы (1465-1473)

2. Бірінші ойшыл — Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV — XV ғ.ғ.)

3. Бірінші дәрігер — Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492).
4. Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан.

5. Бірінші шешен — Жиренше шешен (XV ғ.)

6. Бірінші заң шығарушы — Қасым хан Жәнібекұлы (1455 — 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?!

7. Бірінші тарихшы — Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605)

8. Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы — Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)

9. Ұлы жүздің бірінші ханы — Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740)

10. Орта жүздін бірінші ханы — Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734)

11. Кіші жүздің бірінші ханы — Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748)

12. Бірінші батыр қыз — Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы)

13. Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы — Сырым батыр Датұлы (1783-1797)

14. Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан — Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған)

15. Бірінші зерттеуші-ғалым — Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)

16. Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы — Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

17. Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы — Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

18. Жоғары білім алған алғашқы қазақ — Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)

19. Екі жоғары білім алған бірінші қазақ — Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген)

20. Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы — Әліби Жангелдин (1884-1953)

21. Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы — Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.)

22. Бірінші журналист — Нәзипа Құлжанова (1887-1933)

23. Бірінші елші, дипломат — Нәзір Төреқұлов (1892-1938)

24. Бірінші режиссер — Жұмат Шанин (1892-1938)

25. Бірінші әйел-мұғалім — Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)

26. Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым — Қаныш Сәтбаев (1899-1964)

27. Тұңғыш кәсіби суретші — Әбілхан Қастеев (1904-1973)

28. Тұңғыш кәсіби мүсінші — Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009)

29. Бірінші әйел-дәрігерлер — Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген)

30. Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы — Мұхамеджан Сералин («Айқап», 1911-1915 ж.ж.)

31. Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ — Қажы Мұқан Мұнайтпасов (1909 ж.)

32. Роман жазған тұңғыш қазақ — Міржақып Дулатов («Бақытсыз Жамал», 1910 ж.)

33. Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған — Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.)

34. Бірінші биші — Шара Жиенқұлова (1912-1990)

35. Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі — Әлихан Бөкейхан (1917-1920)

36. Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған — Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.)

37. Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі — Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.)

38. Бірінші ұшқыш — Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)

39. Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты — Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992)

40. Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақтар — Нарсүтбай Есболатов, Әлиасқар Қожабергенов, Әліпбай Қосаев, Мұсабек Сеңгірбаев (Олардың бәрі 1941 жылы Мәскеуді қорғаған)

41. Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ — Талғат Бигельдинов (1944 ж., 1945 ж.)

42. Бірінші спорт шеберлері — Ш. Бекбаев (жеңіл атлетика, 1943 ж.), Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.), әйелдер арасында — Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.), А. Муслимова (шахмат, 1965 ж.)

43. Социалисттік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақтар — Асайынов (1943), Рысқұлова (1947), жазушылар арасында — Ғабит Мүсірепов (1974), дәрігерлер арасында — Ысқақ Әлібеков (1969).

44. Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ — Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.)

45. Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ — Жақсылық Үшкемпіров (күрес, Мәскеу 1980 ж.)

46. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Назарбаев

47. Бірінші қазақ ғарышкері — Тоқтар Әубәкіров

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қым-қуыт тіршілікте көп нәрсе бізге мәселе болып көрінері анық

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Мұхтар Шаханов

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты