19 ғасырдың 60- жылдарында қабылданған реформалар бірден іске аса қоймады. Қазақ шаруаларының көтерілістері салдарынан бұл Ережелерді заңдастыру 20 жылдан артық уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымда “ Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы ” Ереже бекітілді. Түркістан өлкесінде Ресей үлгісімен жаңа сот жүйесі құрылды. “Халық соты” деген атпен мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буынын ұйымдастыру көзделді. Соттардың төтенше съезі уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешті. Бұл сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды. Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғаштады.
1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару” туралы Ереже қабылданды. Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді. 17 баптан тұратын бұл 1891 жылғы заң отарлаушы әкімшілік пен жергілікті ақсүйек топтардың мүддесін қорғады. 1891 жылғы Ережедегі өзгерістер генерал-губернаторға шексіз билік берді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңірдегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді. Верный, Орал, Петропавл, Семей сияқты ірі облыстық орталықтарда қалалық полиция басқармалары құрылды. Ал басты уездік қалаларда полицейлік приставтық тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Сайланып қойылған болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын бекіту облыстық әскери губернатордың қолында болды.
Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана, Самарқан. Негізгі басқару орталығы – Ташкент.
Дала генерал-губернаторлығының құрамына үш облыс кірді: Ақмола, Семей, Жетісу. Негізгі әкімшілік орталығы – Омбы.
Өндіріс орындарында жұмыс қолының 60-70 пайызын құраған қазақтар ауыр еңбектерге тартылды. Алтын өнеркәсібінде әйелдер үлесі жалпы жұмысшылар санының 1-ден 4-ке дейінгі пайызын құрады. 1873 жылы әйелдердің үлесі 12% болса, 1893 жылы 17,8%-ға жетті.
19 ғасырдың 90 жылдарынан бастап кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастады. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмысшылар арасындағы үлесі 14%- ға дейін көтерілді.
Алдыңғы
Келесі