Тарихи шығармалар.
39. Мұхаммед Хайдар Дулатидің Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде мол дерек беретін, 1541-1546 жылдары жазған құнды шығармасы:_ «Тарихи Рашиди»
* Шығармада ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық жағдайы, қала, егіншілік мәдениеті, Жетісудің тарихы, географиясы – жалпы орта ғасырдаға Қазақстан жайлы құнды деректер бар.
*Шығармада Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылады.
40. Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі жазылған тіл: Парсы
41. Қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады:_ ХҮІ- ХҮІІ ғғ.
42. Қадырғали Жалаиридің (1530-1605 жж.) қазақ тілінде араб әліпбиімен жазылған (1600-1602 жж.) еңбегі: «Шежірелер(Жылнамалар) жинағы», «Жамиат тауарих»
43. Қадырғали Жалаиридің өзінің «Шежірелер жинағы» атты еңбегін сыйға тартқан орыс патшасы:
Борис Годунов.
* 1588 жылы Ораз – Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тұтқынға алып, Мәскеуге алып кетеді.
44. Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағы» баспадан шықты: 1854 ж. Қазан.
45. «Тарих-и Абулхайр-хани» кітабының авторы: Усман Кухистани
46. ХҮІ ғасырдың ортасында жазылған «Шыңғыснама» шығармасының авторы: Өтеміс қажы.
* Тарихи шығармада Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.
47. ХҮІ- ХҮІІ ғасырлардағы қазақ- моңғол қарым –қатынастарының тарихы баяндалған «Тарих» атты еңбегінің авторы: Шах Махмуд Шорас.