Qazyr.kz
БілімМәдениет

Қазақстан тарихы тест

26. Моңғол деректері бойынша жалайыр тайпалары: 10 рудан тұрдан

27. «Алтын шежіренің» жазуы бойынша Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, әрі батыр: Мұқылай (Мұқали)

* Хан өзіне көрсеткен әділ қызметі үшін оған «күй үн чінсан тәйжі» (ұлы бек) деген атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан.

28. Шежірелерде Шыңғысханның бірде андасы (ең жақын досы), бірде қас жауы ретінде көрсетілген: Жамұқа.

29. Шыңғысхан керейіттер ханы Торымен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратты: 1201ж

* «Жалайырлар Шыңғысханның қолға түсірген тұтқындары…Олар өздерінің адал қызметтері арқылы моңғолдарға сіңісіп кеткен» деп «Түрік шежіресі» атты еңбекте жазған тарихшы:Әбілғазы хан

* Қадырғали Қосымұлы Жалаири: «Шыңғыс хан заманында Сартақ ноян болған. Оның ұлы- Жалайыр Саба. Оның ұрпағы – Жалайыр Тербе бек. Оның ұрпағы Айтөле бек. Ол атақты адам болған. Ұрус ханның сол қолын басқарған. Ол Алаш мыңы үш сан елі. Олардың ішінде үлкені тарақ таңбалары жалайыр» дейді.

30. Қазақ халқының құрамына кірген жалайырлардың орналасқан аймағы: Жетісу

•Қоғамдық құрылысы.

31. Әскери басқару ХІІ ғасырдың өзінде ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мыңдық) бөліктерге бөлінген.

* Хан мыңбасылары мен түменбасыларын өзі сайлаған.

32. Ұлыстардың ішкі істерін басқаратын адамдардың лауазымы: шерби.

*Бұл атақ пен лауазым иелерін хан өзі тағайындаған.

33. Найман мен керейлердің мемлекеттік билі жүйесінде жақсы дамыған: іс- қағаз жүргізу.

34. Найман мен керейіттердегі өсіру басым болған малдың түрі: жылқы мен қой.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Кентаулық 9 жасар Нұрғисаға қаржылай көмек керек

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Мұхтар Әуезов

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты