XII ғ. 40-жылдарынан бастап Қарахан мемлекетінің Орталық Азиядағы жерлерін басып ала бастаған мемлекет:
+++Қарақытай+++
XIX ғ. 40 жылдары жазылған, бірнеше тілде аударып қазақтарды Ресейге танытуда маңызды болған Г.Зелинскийдің шығармасы:
+++«Қырғыз поэмасы»+++
XIX ғ. Іле өлкесінде құрылған мемлекет атауы:
+++Іле сұлтандығы+++
XIX ғасырда шетелдіктерге сатылған Қазақстан жеріндегі кәсіпорын:
+++Қарағанды көмір кені+++
XIX ғасырдың 30-40 жылдары Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында салынған әскери бекіністер:
+++Аягөз, Ақтау, Қапал+++
XIX- ғасырдың ортасында Қоқан ханы Жетісуды өз қолына ұстап қалуы үшін әскери күш-қуатын нығайту шараларын жүргізген бекіністер:
+++Әулиеата, Мерке, Пішпек+++
XIX ғасырдың І-ші жартысында Ресейдің Қытаймен негізі экономикалық байланыстар жүргізілген қала:
+++Кяхта+++
XV ғ. көшпелі өзбектер мемлекетінде Әбілқайыр ханның беделін түсірген жағдай:
+++Ойраттардан жеңілуі+++
XV ғасырда Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі-сыртқы өмірінде қалыптасқан ахуалға байланысты дүниеге келген хандық:
+++Қазақ хандығы+++
XV ғасырда болашақ Қазақ хандығының құрылуына алғышарт осы хандықтың ішкі-сыртқы жағдайына байланысты қалыптасты:
+++Әбілқайыр хандығының+++
XVI ғасырда Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің шекарасының жақындай түсуін тездетті:
+++Ноғай Ордасының ыдырауы+++