Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

1. ХІV-ХV ғ. эпостық жыр:
+++Қобыланды батыр+++

2. ХІV-ХV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:
+++Қобыланды батыр+++

3. Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:
+++«Ер Тарғын», Ер Қосай, Орақ-Мамай+++

4. Ер Қосай тарихи батырлық жырының пайда болған уақыты:
+++Алтын Орда ыдыраған кезде+++

5. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз:
+++«Ел айырылған», «Ақсақ құлан», «Сағыныш», «Жошы ханның жортуы»+++

6. ХІІІ-ХV ғасырлардан аттары бізге жеткен ауызша поэзия өкілдерінің бірі:
+++Асан Қайғы, Кетбұға+++

7. ХІV-ХV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыкатуындыларының бірі:
+++Шора батыр, Қамбар батыр, Ескендір+++

8. ХІV-ХV ғасырларда халықаралық қарым –қатынастарда сөздік ретінде пайдаланылған еңбектің аты:
+++Кодекс куманикус+++

9. ХІV-ХV ғасырлардағы жазбаша әдеби шығарма:
+++«Кодекс Куманикус»+++

10. Мәтінде баяндалған кітапты анықтаңыз: «1362 жылдың тамыз айы Италияның Оңтүстігіндегі әсем қала Венециядағы қасиетті храмдардың бірі Әулие Марк ғибадатханасына Қайта өрлеу дәуірінің атақты ақыны петрарка Франческо көптеген кітаптармен бірге өзі оқып түсіне алмаған, сыртқы мұқабасында деп латынша жазылған қолжазбаны да сыйға тартты. Онда автор ретінде белгілі бір адамның аты жөні көрсетілмеген. Қолжазба готикалық көне жазумен ХІV ғасырдың басында, дәлірек айтқанда , 1303 жылы Қара теңіз бойын жайлған қыпшақтар арасында жазылған еді. Көлемі 82 парақ (164 бет) . Ол қолжазба негізінен екі бөлімнен тұрған. Алғашқысын ғалымдар «Итальян бөлімі деп атаған. Өйткені сөздіктің осы бөлімін Италия Италия зиялыларының біреуі жазуы мүмкін. Себебі «жазудың орфографиялық ерекшеліктері мен сөз өрнектеу тәсілі осы іспеттес ойларға меңзейтін көрінеді. Сөздікті түзген адамдар не саудагер, не жиһангер, әлде білім қуушы әуесқой да болуы мүмкін Аталған бөлімді ықшамдай айтсақ , «Ауа-райы мен аспан әлемі», «Уақыт –мерзім атауларына байланысты сөздер» «Бес сезім мүшелерінің аттары», «Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер» «Жазу сызу жұмыстары мен әртүрлі қызметке байланысты сөздер» «Атақ дәрежеге байланысты сөздер» «Асыл тас атаулары» «адамның жақсы қасиеттерітуралы сөздер» секілді т.б күні бүгінге дейін қолданып жүрген көптеген сөздерді қамтиды. Жинақтың екінші бөлімі «Неміс бөлімі» деп аталады. Оны неміс миссионерлері жазу мүмкін. Онда діни уағыздар, нақылдар,, жұмбақтар, аңыздар, өсиеттер басым. Соған қарағанда бұның әдебиет тарихы үшін де мәні бар деген ғалымдар пікірінің дұрыстығын айту ләзім. Әсіресе мұнда ауыз әдебиетімізде кездесетін нақыл сөздер мен жұмбақтар ұшырасады . Тіпті қазіргі тілімізден өзгешелігі жоқ деуге болады. Қолжазбаның сырты терімен қапталып, ол екі парақ ақ қағазбен бекітілген. Тері мұқабаның бірінші беті мен оның астыңғы жағына Венеция республикасының мөрі ойып басылған.
+++Кодекс Куманикус+++

Ұқсас жаңалықтар

Күнге күю мен күн тиюден қалай аулақ болуға болады?

redaktor_qazyr

Оразалы Досбосынов

Redaktor Site

Өміріңе қиыншылық пен ауыртпалық қашан және неліктен келетінін білесіз бе?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz