Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

1. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу
2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
3. 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»
4. Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр
5. Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:1724-1725жылы
6. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы
7. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна
8. XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:Әбілқайыр хан
9. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы
10. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын
11. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс-Ор
12. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев
13. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:Барақ сұлтан
14. Орынбор қаласының салынуы-1743 жылы
15. 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
16. 1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан
17. XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп: Колыван шебі
18. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары:Семей,Өскемен,Бұқтырма
19. 1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
20. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға
21. Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды:1756 жылы
22. 1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан:Әбілмәмбет
23. 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның
24. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз
25. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан:Абылай
26. Абылайдың бас мирасқоры:Уәли
27. XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі:Ақтамберді
28. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы:П.Рычков
29. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: 1773-1775 жж.
30. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері:Кіші және Орта жүз
31. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған:Жер мәселесі
32. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:Досалы
33. Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс:Кулагин
34. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі:Зәбір
35. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді:Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен
36. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым
37. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға
38. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:Пресногорьковск
39. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны:Досалы
40. С.Датұлы старшын болған ру:Байбақты
41. 1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер:Хиуа хандығы
42. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:Айшуақ
43. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады:Хан сарайына
44. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды:Ералы
45. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға
46. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі:Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
47. 1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:Қаратай
Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті: Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды
48. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған:барон Игельстром
49. Бөкей Ордасының территориясы:Еділ мен Жайықтың аралығы
50. Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:Жасқұста

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ми жұмысын 20 минутта жақсартуға болады

Redaktor Site

Ауылды аңсағанда

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz