Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

Қазақстан аумағында 20 — дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі.
Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40 — 60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл өзенінің аңғарынан табылған.
Б. з. б 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады.
Мезолит дәуірінің ерекшелігі жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіру.
Мезолит заманында рулық қауым күшейіп, тайпаларға бірікті.
Мезолит заманында ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
Мезолит заманында қауым мүшелерінің құқықтары тең болды. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асты.
Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды.
Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты.
Жаңа тас ғасыры б. з. б 5 — 3 мың жылдықтар аралығын қамтыды.
Неолит заманында адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық ыдыстарға өрнектер сала білді.

Ұқсас жаңалықтар

Каратэнің шығу тарихы

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

“Қазақ дәптері” кітабынан

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz