Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б. з. б 5 мыңжылдыққа тән.
Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар табылған.
Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары жасалған.
Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған.
Жезқазған өңірінен 150 ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған.
Шығыс Қазақстаннан табылған құрал саймандар құрамалы болып келген.
Тас дәуірінің дамыған кезеңі – неолит
Неолит тұрғындары шыбықтан шарбақ тоқуды меңгерді, өру мен тоқу ісімен шұғылданды.
Неолит кезеңінде адамдар кен кәсібі және тоқымашылықпен айналысты.
Неолит заманына жататын Сексеуіл тұрағы Қызылорда облысында орналасқан.
Сексеуіл тұрағынан 80 пайызы қой мен сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың қаңқасын тапқан.
Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы — қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі. Бұл дәуірді сондықтан «қыш құмыралар заманы» деп те атаған.
Қазақстан аумағынан неолиттің 500 — ден аса тұрақтар табылған.
Көзе — саздан жасалған қыш ыдыс.
Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс — тас ғасырынан (энеолит) басталады. Хронологиясы шамамен б. з. б 3000 — 2800 жылдары өткен.
Ең бірінші қолданылған металл — мыс.