Адамның қалыптасу сатылары:
1.«ЕПТІ АДАМ» (лат. «homohabilis»).
1947 ж. Шығыс Африка, Кения, Виктория көлі мен Килиманджароның арасында, Олдувэй шатқалында табылды.
1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрді.
2. «ТІК ЖҮРЕТІН АДАМ» («homoerectus»).
⊙ [Питекантроп] 1891 ж. оңт.-шығ. Азия, Индонезия, Ява аралында табылды. 1 млн. жыл бұрын өмір сүрді.
*Қосымша:Қазақстандағы ежелгі адамдар питекантроп замандастары еді.
⊙[Синантроп] («қытай адамы» деп те атайды) 1927 ж. Қытай, Пекин қаласынан 40 км. Чжоу-коу-тянь үңгірінде табылды. 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрді.
3.«НЕАНДЕРТАЛЬДЫҚ АДАМ».
⊙Германия жерінде ересек адамның сүйегі табылды. 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді.
⊙ 1938 ж. Өзбекстан, Тесіктас үңгірінде 8-9 жастағы баланың қаңқасы табылды. М.М. Герасимов сол баланың бейнесінің реконструкциясын жасаған.
4. «САНАЛЫ АДАМ» (лат. homosapiens). Оны «кроманьондық адам» деп те атайды. Франция, Кро — Маньон үңгірінен табылды. 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрді.
Қосымша: саналы адам (кроманьон адамы) тұсында рулық қауым қалыптасты.