Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Қазақстанда 10 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда 10 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.Бұл туралы Қазір ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеп хабарлайды.

«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығында алғаш рет оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсіл бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды. Оған 10 389 бастауыш сынып мұғалімдері қатысады.

Курс Біртұтас тәрбие бағдарламасында көрсетілген бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу құндылықтарына бағдарланған тәсілді қолдану бойынша педагогтердің құзыреттілігін жетілдіруге арналған.

«Педагогтер материалды құндылыққа бағдарланған тәсіл бойынша зерделейді. Оқушылардың бойында патриотизм, еңбексүйгіштік, ауызбіршілік, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстың мазмұны мен оңтайлы әдістерін, тәсілдерін, нысандарын таңдауды үйренеді», — дейді «Өрлеу» ҰБАО төрағасы Еламан Айболдинов.

Курста практикалық жұмыс пен талқылау ұйымдастырылады. Қатысушыларға талдау жүргізу үшін кейстер мен жобалар әзірлеу ұсынылады. Бастауыш мектепте сабақ уақытында және одан тыс уақытта балаларды тәрбиелеу мазмұнын зерделеу бойынша көшпелі практикалық сабақтар өткізу көзделген. Курс осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте түнде «Старый город» көшесінде өрт шықты

redaktor_qazyr

Қырғызстанмен арадағы су дауында Кремль көсемінің сұлбасы көрінеді

redaktor_qazyr

Монтайтас мешітінің күмбезіне жарықтар орнатылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz