Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Қазақстанда жаңа үйлерді сатып алуда қолма-қол есеп айырысуға тыйым салынады

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы алаяқтықты болдырмау мақсатында жаңа құрылыс нысандарынан пәтер сатып алу кезінде қолма-қол ақшамен есеп айырысуға тыйым салынбақ. Бұл туралы Kazyr.kz хабарлайды.

Ұлттық банк әзірлеген жаңа қаулы жобасына сәйкес, үлескерлер енді тек банк арқылы ғана төлем жасай алады. Яғни, көпқабатты тұрғын үй кешендерінде немесе жеке тұрғын үй құрылысындағы үлесті сатып алу бойынша барлық төлемдер тек құрылыс компаниясының арнайы шотына аударылуы тиіс.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық тұрғындарды «көлеңкелі» келісімшарттардан қорғауға бағытталған. Бұған дейін кейбір құрылыс компаниялары алдын ала келісімшарттар арқылы заңды айналып өтіп, тіркелмеген жобаларға ақша жинап келген.

«Төлем жүргізген кезде сатып алушы міндетті түрде төлемнің мақсатты коды мен тіркелген келісімшарт нөмірін көрсетуі тиіс. Ал банктер өз кезегінде құрылыс компаниясының рұқсаты бар-жоғын тексеруге міндетті. Егер тіркеу болмаса, төлем қабылданбайды», — делінген жоба мәтінінде.

Сонымен қатар, тағы бір маңызды талап енгізілмек: төтенше жағдайларға байланысты зардап шеккендерге төленетін өтемақыны енді ешбір банк, коллектор немесе кредитор қарыз өтеуге пайдалана алмайды. Бұл қаражат тек зардап шеккен азаматтардың үйін қалпына келтіруге, емделуге немесе жаңа баспана алуға жұмсалуы тиіс.

Аталған қаулы жобасы 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте экономиканы дамыту жөнінде кеңес өтті

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады

admin_qazyr

Тоқаев: Банктер қарызға батқан азаматтарға қолдау көрсетуі қажет

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz