-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Саясат

Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытатын инфрақұрылым жоқ – сенатор

Инфрақұрылымның дамымауы мен жасанды интеллект саласындағы кадр жетіспеушілігі еліміздің технологиялық және экономикалық дамуын тежейтін өткір проблема болып табылады. Депутат Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында осы мәселе туралы жария етті, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Сенат депутаты Қазақстанда әлі күнге дейін деректерді өңдеуде өнімділігі жоғары орталықтар жоқ екенін, өңірлердегі интернеттің сапасы жақсартуды талап ететінін, ал мамандардың жетіспеушілігі озық технологияны енгізуге кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.

– Жасанды интеллектті, әлеуметтік инженерияны толық пайдалану және дамыту үшін заманауи деректер орталықтарын салу керек. Оларды бұлттық есептеу қызметтерімен қамтамасыз етуідің маңызы зор. Өңірлердегі ІТ-хабтардың жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, ауқымды әрі сапалы деректер экожүйесін ретке келтірген жөн.

Жеке деректерді қорғау нормаларын және этикалық стандарттарды бекітуді, технологияны заңсыз немесе зиянды пайдалануды шектеу үшін реттеу механизмдерін қарастыру керек. Колледждер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларында жаңа модульдерді пайдалануды, жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау бойынша мамандықтарды ашуды, өнімділігі жоғары жаңа технологиямен жабдықтауды, стартаптарға гранттар, субсидиялар және венчурлық инвестициялар қарастыру керек, – деді депутат Ғалиасқар Сарыбаев.

Осы мәселелерді шешу үшін депутат заманауи деректер орталықтарын салуды, жоғары жылдамдықтағы интернет желісін дамытуды, білікті кадрлар даярлауды, ЖИ саласындағы стартаптарды қолдауды және қажетті заңнамалық базаны әзірлеуді қамтитын кешенді қадамды ұсынды.

– Жасанды интеллектіні денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы тағы да басқа әртүрлі салаларда интеграциялау, мәтіндік деректер пайдаланылатын барлық салалар мен бизнес-процестерде Kaz-LLM негізіндегі жасанды интеллект өнімдерін қолдану керек. Ғылыми орталықтардың зерттеу жұмыстарына арнайы қаржы бөліп, жастар мен кәсіпкерлер арасында идеяларды дамыту үшін алаңдар ұйымдастыру керек. Халықаралық трафикті транзиттеу мен сақтау үшін TIER III деңгейінде бөлек дерек өңдеу базасын қалыптастыру, алдыңғы қатарлы елдермен әріптестік орнату, қазақстандық мамандарды халықаралық білім беру, тәжірибе алмасу бағдарламаларына жіберу, жасанды интеллект туралы ақпараттық-ағарту жұмыстарды жүргізу, технологияның артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдері туралы қоғамға ашық ақпарат беруге ықпал етіп, шешім қабылдауларыңызды сұраймыз, – деп атап өтті Ғалиасқар Сарыбаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тәуелсіздігін алғаш кім мойындады?

Redaktor Site

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

admin_qazyr

Арыста 6 қазан күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz