Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Білім беру саласын цифрландыру аясында осы жылдан бастап техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім туралы дипломдар бланкіде QR-кодпен беріле бастады,-дейді Qazyr.kz

 

Деректерді автоматты сәйкестендіру мен верификациялау немесе QR-код технологиясын қолдану жалған диплом жасаудан қорғауға және жұмыс берушілердің диплом түпнұсқалығын бірден тексеріп алуына мүмкіндік беретін жаңашылдық болып табылады.

 

«QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі жайлы деректер, оқу орны туралы ақпарат пен Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді. QR-кодта түлекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер: түлектің аты-жөні, ұйымның атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі беріледі», — деді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

 

Сонымен қатар, 2023 жылғы 6 шілдеден бастап осы жылы беріле бастаған ТжКБ дипломдары цифрлық жеке және жүргізуші куәліктері секілді электронды үкімет порталындағы жеке кабинет немесе eGov электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттар сервисі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы алуға болады. Түлектерге «eGov Mobile» қосымшасы арқылы QR-код бойынша ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде жіберу мүмкіндігі берілді. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылып келеді.

Ағымдағы жылы 140 мыңнан астам колледждер түлектері QR-коды бар дипломдар алады.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас: Екі отбасы екі күннен бері жарықсыз отыр

redaktor_qazyr

Биылғы оқу жылын 3,8 млн бала аяқтайды

redaktor_qazyr

Шымкентте балаларына ит-мысықтың етін ас ретінде берген,өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz