1. Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
2. Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз.
3. Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
4. Атамекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
5. Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
6. Өз елім, өлең төсегім.
7. Өз елінде көртышқан да батыр
8. Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.
9. Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
10. Туған жердің жуасы да тәтті.
11. Туған жердің торғайы да сүйкімді
12. Туған елің болмаса,
Тумай-ақ қойсын күн мен ай.
13. Туған жердің күні де ыстық,
Күлі де ыстық.
14. Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
15. Туған жердiң
Түйе жейтiн жапырағы да дәрi.
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрi.
16.Тауда туған құлынның екі көзі таста болады.
17. Алтын, күміс жауған жерден де
Туып-өскен ел артық.
18. Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
19. Қараған өз жерінде гүрілдер
20. Шетте жүріп тарығарсың,
Өз еліңді сағынарсың.
21. Жеріне қарай жемісі.
22. Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
23. Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды
24.Ер елінде,
Гүл жерінде
25. Елің — панаң,
Жерің — анаң.
26. Бөтен жердің гүлінен,
Туған жердің тікені артық.
27.Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.