Қажығалым Мұқанов — 1938 жылы, 20 қазанда Шығыс Түркістанның, Тарбағатай аймағы, Шағантоғай ауданында Дөңгелек ши деген жерде туған. 1958 жылы Шәуешек гимназиясын бітіріп, мұғалім болып жұмыс істеген. 1969 жылы ҚазПИ-дің филология факультетін тамамдаған. Семей облысы, Үржар аудандық оқу бөлімінде, мектептерде ұстаздық қызмет еткен.
Қажығалым Қажыбайұлының алғашқы әңгімелері 1964 жылдан бастап республикалық газет-журналдарда жарияланған. «Бәйшешек» атты жинаққа «Үзілмеген гүл» әңгімесі енген. «Соңғы қоңырау» (1980), «Ақ бұршақ» (1984), «Аққудың сағынышы» (2005) сияқты әңгімелер мен хикаяттар кітабы жарық көрген. «Қазақстанның білім беру озаты» белгісінің иегері.
Дереккөз: “Ана тілі” газеті