Шетелден келгенде бірден көзге түсетін екі нәрсе бар…
Бірі – кедейленіп, қайыршыға айналған адамдар, екіншісі – күн құрғатпай бола беретін қисапсыз той.
Біріне екіншісі себепкер. Жұрттың көбі табысының едәуір бөлігін тойға баруға, оны ұйымдастыруға, көйлек-көншекке жұмсайды, сол үшін қарызданады.
Мәнді-мәнсіз той көп, қатысы бар, жоқ демей жүз-жүздеп шақырады. Құданың қарындасының немересінің сүндет тойы деген сияқты.
Зейнеткерлер зейнетақысын емге, дәріге емес, той “конвертіне” жұмсайды. Кедейліктің себепкері – той.
Автор: Мұхтар Сеңгірбай