Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамРуханият

«Кемпір»сөзінің мағынасы не?

Жастар кемпір, шал сөзінің шынай мағынасын білмейтін болар.Кемпір деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтады. Қазақта «пірсіздің пірі шайтан, әйелдің пірі күйеуі» деген мақал бар. Кемпір пірі кем әйел дегенді білдіреді. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық. Күйеуі қайтыс болған келіншекті жесір деп атаған. Бірақ, күйеуінің бір жылдық асын бергеннен кейін. Ел ақсақалдары жиылып жесірді қайнысына, не қайнағасына атастырған. Ал, егде жасқа әйелдің, балалары ер жетіп, қыздары бой жеткен кезде күйеуі қайтыс болса кемпір деп атаған. Қазақ оларды, құрметтеп сыйлаған. Күйеуі қайтыс болған кемпірлер үй билігінде түз билігінде өздері алған.

Қазір үлкен кісілердің «кемпіріммен ақылдасайын», біздің үйдің «кемпірі шешеді», «кемпір біледі» деп жүрген сөздер содан қалған. Ал, күйеуі тірі адамды ешкім кемпір демеген. Кейбір әжелеріміз де кемпір деген сөзге ащуланып қалатыны сондықтан. Бірақ қазір көп сөздің шынай мағынасы ұмытылды.

Ұқсас жаңалықтар

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Redaktor Site

Дулат Исабеков: Баяғыда осындай бір інішегім болды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz