Qazyr.kz порталы
Руханият

Керей хан

15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді

 

Sputnik

 

Қазақ хандығының негізін қалаған екі тарихи тұлғаның бірі, қазақтың алғашқы ханы Керей туралы дерек аз болса да, оның қазақ халқының тарихында алар орны зор. Жәнібек хан екеуі үлкен өзгерістерді бастап берді. Картада қазақ хандығы пайда болды. Sputnik Қазақстан бірінші ханның өмірі мен тарихи жолына қатысты қызықты деректерді ұсынады.

 

Орыс ханның ұрпағы

 

Керей — Ақ Орданы басқарған Орыс ханның ұрпағы. Орыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, ал Болаттан Керей хан тараған. «Тауарих-игузида-йи нусратнаме» еңбегінде көрсетілген деректерге сәйкес, Керей хан Болаттың жалғыз баласы.

 

15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Ал Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде 15 ғасырда 50-жылдардың аяғына қарай Қазақ хандығының құрылуына қатысқан Керей хан мен оның туысы Жәнібек хан туралы нақты деректер бар.

 

«Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады», — деп жазды Дулати.Керей мен Жәнібек қоныстанған аймақ Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.

Ұқсас жаңалықтар

Ағайын, туыс туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Мұхтар Шаханов

Redaktor Site

Жәнібек Салқынбек — жаның тәтті-ай

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz