Фото: freepik
Бұл сорпаны құс етінен, оның сорпа өнімдерінен жасалған сорпада, саңырауқұлақ қайнатпасында дайындайды. Тамырсабақты жəне пиязды таяқша етіп турап, шала қуырады.
Кеспені дайындау үшін ұнды електен өткізеді. Ыдысқа су құйып, жұмыртқа, тұз қосып араластырып, сүзеді. Дайын болған қоспаға ұнды салып, қаттырақ қамыр илейді. Қамырды 30 минуттай ұстап, 1,0.1,5 мм қалыңдықта жаяды, кептіреді, ені 35.45 мм жалпақтап кеседі, бірнеше бөлікті бір бірінің үстіне қойып, таяқшалап турайды, тағыда кептіреді. Сорпа мөлдір болуы үшін, кеспені қайнап тұрған суда 1.2 минуттай қайнатып, сүзгішке салып, сүзеді.
Қайнап тұрған сорпаға тамырсабақтарды, пиязды, дайындалған кеспені салып, дайын болғанша қайнатады. Қайнау соңында тұз жəне дəмдеуіштерді қосады.
Кеспе-сорпаны құс етінің кесектерімен, ұсақтап туралған көкті қосып ұсынады.
Саңырауқұлақ қайнатпасында дайындалған кеспе-сорпаны дайындау кезінде ұсақтап туралған саңырауқұлақтарды салады. Үй кеспе сорпасына қаймақ қосып ұсынуға да болады.