Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Көк туды «Шүберек» деген Сайрамдық тиктокер сотталды

Қазақстанның мемлекеттік туын шүберекке теңеген Түркістан облысының тұрғыны абақтыға қамалды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысы Сайрам ауданының 18 жастағы тұрғыны,өзінің «Тикток» әлеуметтік парақшасына көк туды бейнежазба түсіріп, «Жогарыга койптығо тәелсздік тряпкасн»,-деп пікір қалдырған.Мұны көрген әлеуметтік желі қолданушылары,бейнежазбаға қарша жаудырған жағымсыз пікірлерінен кейін,оны өшіріп тастаған.

Алайда Сайрамдық жігіт жасаған әрекеті үшін,тек бейнежазбаны өшіріп құтыла алмады.Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаны түсірген автордың үстінен полиция мен прокуратураға арыз түсірген.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып.Роликтің мазмұнын талдаған сот үкімі, психологиялық-филологиялық сараптамадан автордың сөзінен Қазақстанның мемлекеттік рәмізін қорлағаны анықтады.

Сотта жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, өкініп, кешірім сұрады. Сот үкімімен ол бір жыл бас бостандығын шектеу жазасына және жүз сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев ҚҚС туралы: мөлшерлеме сараланған болуы керек

redaktor_qazyr

Зеленский: Қытай Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлей алады

redaktor_qazyr

Вконтакте,телеграм бағдарламаларын жасаған программист Павел Дуров Францияда қамауға алынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz